- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мереке қарсаңында мұғалімдерге...
Мереке қарсаңында мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма?
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұстаздар күніне орай мұғалімдерге гүл сыйлау туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мереке қарсаңында әріптестерден "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді. Ұстаздар күні расында ерекше күн, мереке педагогтардың біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл – бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі.
"Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру – біздің мұғалімдерімізге білдіретін алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр", – дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина