Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтен журналистер Астана әкімі кезінде елорданың су мәселесін шешу үшін қандай жұмыс атқарғанын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әкім қызметінде жүрген кезімде істеген жұмыстарды айтып берейін. 1960 жылдардың соңында алғашқы станса іске қосылған. Екіншісі 2011 жылы жұмыс істей бастады. Бірақ Астананың өсуіне, тұрғындардың көбеюіне байланысты 2020 жылы жобалау жұмыстарын бастап, 2021 жылы жаңа станса құрылысын бастадық. Ол шаруа қазір аяқталды. Тек құрал-жабдықтарды іске қосу жұмысы жүріп жатыр. Әкімдіктің мәліметі бойынша, осы маусым айында су берілуі керек. Соны біз жасадық", - деді Алтай Көлгінов Үкімет кулуарында.
Шенеуніктен тілшілер өз үйінде ауыз судың қалай келіп жатқанын да сұрады.
"Менің үйімде су бар. Бірақ Астананың кейбір аудандарында су мәселесі бар. Оны біз білеміз", - деді вице-премьер.
Азамат Қойшығара