- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менің ол видеоға...
"Менің ол видеоға жыным қайнайды". Мәдина Сәдуақасова шулы жайтқа қатысты түсінік берді
Әлеуметтік желіде Мәдина Сәдуақасованың ыңғайсыз дауыс шығарған видеосы тарап, халықтың сынына қалған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі осы шулы видеоға қатысты Instagram storis-те пікір білдірді.
"Сәлем, менің оқырмандарым. Дәл қазір менің қасымда мобилографым Муха отыр. Муха екеуміздің тауға барған видеомыз өте көп тарап жатыр. Негізі сол баспалдақпен көтерілген адам біледі, 900-ден аса баспалдақтан жоғары көтерілу оңай емес. Екіншіден, камераның микрофоны өте сезімтал, сондықтан бүкіл дауысымның, демімнің, тіпті жүрек қағысымның ырғағы өте анық естілген. Сол үшін менің демім сіздерге солай естілген. Ол видеоға менің жыным қайнайды" , - делінген видеода.
Айта кетейік, осыған дейін тауға баспалдақпен көтерілген Мәдина Сәдуақасованың видеосы Желіде елдің сынына қалып еді.
@astanashow.kz эххх #мадинасадвакасова ♬ оригинальный звук - aidarkhan_astanashow
Желі қолданушылары өнер иесін сынап, түрлі пікір жазған болатын.
"Жасандылық өте көп", "Көзіңді жұмып тыңдасаң біртүрлі екен", "45-те деп кім айтады", "Осы дауыс енді хит болады", "Не деген әдемі дауыс", "Мә, менде шығып осы баспалдақпен үш күн жүре алмай қалдым", "Дауысы ерсі естіледі екен", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы