Менің күйеуім 53 жастағы әйелмен жүреді...

Менің күйеуім 53 жастағы әйелмен жүреді...
Фото: желідегі парақшасынан

Белгілі журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне хат жазған оқырманының хатын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 
"Менің күйеуім 53 жастағы әйелмен жүреді. Опасыздық жасаған ең жақын адамым арқама қанжар сұққандай болды. Үйден кетіп қалдым. Күйеуім іздеп жүр. Күнде қоңырау шалады. “Өлтіремін, екінші Салтанат боласың” деп қорқытады, - деп мұңын шақты 35 жастағы Динара"- деп жазба қалдырған.


Ері де 35 жаста. Келіншек сүйіктісінің жесір әйелмен ойнастығын біліп қояды. 4 жыл бойы ұрып, талай көкала қылған күйеуінің тентектігіне төзген екен. Енді көзге шөп салған қылығын кешірмеймін дейді. Екі жастың екі перзенті бар. Ажырасуы мүмкін. Үш ересек адамның махаббат ойынынан екі бала зардап шегеді. Тағдыр деп жұбайларды, көңілдестің қылығын ақтаймыз ба? Отбасының шырқын бұзған кім ? Онда әйелі мен балаларының өміріне бас қатырмайтын болса, неге үйленген? Екіжүзді адамдар өз бақытын осылай оңай жоғалтады. Менің білетінім, әлгі еркек қартайғанда , қауқары кеткенде көңілдестің балаларына керек емес.
Ал әкелік сезімді мұздай қатырып, жүрегін тілімдеп, көңіліне зілдей қаяу салған ӘКЕ өз балаларына қалай қайта оралады? - деп ой толғайды журналист. 

"Ктк" телеарнасындағы "Дау дамайсыз" бағдарламасын жүргізетін журналистке әлеуметтік мәселелерімен көрермендер жиі хабарласады. Соның ішінде тұрмыстық зорлық зомбылық, отбасылық мәселелер ең жі көтерілетін мәселелер. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы