- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менің кредитімді кім...
"Менің кредитімді кім төлейді?" Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі не үшін 5 миллион сұрағанын айтты
Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі не үшін 5 миллион сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қарағандыда жедел жәрдем көлігін дұрыс қоймаған жүргізушіні қала тұрғыны аяусыз ұрып, желіде жағдайдың видеосы тарап кеткен еді. Алдымен соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы қызу қанды азаматты кешіргенін айтқан еді. Қазір, сот істі қарауға алды. Енді жүргізуші өзін ұрған азаматтан 5 млн теңге беруін талап етіп отыр. Мұндай мәлімдемені естіген жұрт оқиғаның күрделеніп бара жатқанына қайран қалған еді.
"Иә, мен басында барлығын тыныш жабуға тырысқан едім. Енді 5 млн теңге өтемақы сұраймын. "Ол неге сонша көп" деп сөгіп жатқандарды да білемін. Бірақ менің денсаулығыма айтарлықтай зиян келді. Емделдім, ота жасаттым. Қандай дәрілер алып жүргенімді білмейсіздер. Жұмыстан уақытша босадым. Менің кредиттерімді кім төлейді екен, денсаулығыммен айналысып жүргенде", - деді жедел жәрдем жүргізушісі.
Студия қонақтарының арасынан жедел жәрдем жүргізуші мұның барлығынан хайп үшін жасап отыр дегенді алға тартты. Ал соққыға жығылған жүргізуші болса эфирді пайдаланып өзінің бірнеше талабы мен өтініші барын айтып қалды.
"Жедел жәрдем қызметкерлеріне полиция сияқты құқығы, денсаулығы, жеке басының қауіпсіздігі қорғалатын заң шығарылуы керек полиция сияқты. Науқасты құтқару жолында өзіміздің таяқталуымыз дұрыс емес. Күніне ондаған қан, ауыр жағдайдағы адамдарды көреміз. Сол себепті зейнетке бізді ерте шығарулары керек", - деген ұсыныстарын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина