Қостанай облысындағы ауыл әкімі дүкендегі сатушыға неліктен ұрысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Қостанай облысының Новоилиновский ауылдық округінде болған. Ауылдық округ әкімі Мақаш Таймасов жергілікті дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған. Ол әдепсіз сөздер айтып, сағат 23:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салынғанына қарамастан, оны сатуды сұраған.
Мемлекеттік қызметкердің әрекетін Қостанайдағы әдеп жөніндегі кеңес қарады.
"Сатушы менің өтінішіме дөрекі жауап берді, содан кейін мен эмоциямды ұстай алмай, балағат сөздер айттым, өйткені мұның алдында әйеліммен көлікте ұрысып қалған едім. Мен әйеліммен болған әңгімеден кейін қатты қобалжыдым, эмоциямды ұстай алмадым, іс-әрекетіме өкінемін", - деді шенеунік.
Әдеп жөніндегі кеңес ауыл әкімінің сөзінен өкініш көрмей, оны қызметінен босатуға бірауыздан дауыс берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз