Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске дөрекі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Канело өз сұхбаттарында Головкиннің карьерасын аяқтаймын деген болатын. Алдағы кездесу жекпе-жектен де үлкен, жеке мәселесі екенін айтқан.
"Оған бұл жеке мәселе шығар. Оның орнына сөйлеу дұрыс болмас. Мен мұны қалай көремін - DAZN-дағы соңғы жекпе-жек, келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек, көп уақыт өтті, бәрі бір кездесуге қосылып отыр. Енді, міне, төрт жылдан кейін ол "нокаутқа түсіремін", "карьерасын аяқтаймын" деген мәлімдемелер айтып жүр. Ол менің карьерамды қалай аяқтайды? Менің карьерамды бастайтын немесе аяқтайтындай ол кім еді? Міне, ол өзін осылай көтермелеп отыр. Ол бұлай айтатын жаста емес, ондай жағдайда да емес. Егер бұл жеке мәселе болса, кездесу бірден болар еді. Ал қазір көп уақыт өтті, оның айтып жатқаны дұрыс емес", - деді Головкин.
Сұхбаттың толық нұсқасын Tengrinews.kz сайтынан оқи аласыздар.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қазақстандық уақытпен 18 желтоқсанда таңатпай өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!