- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менің балам емес"....
"Менің балам емес". Жездесі мен балдызы арасында дау шықты
Түркістан облысында отбасылық дау шықты. Шымкент тұрғыны әпкесі қайтыс болған соң жездесіне тұрмысқа шығып, бала дүниеге әкелген, қазір де аяғы ауыр. Оның сөзінше, жездесі баласының өзінен екеніне сенбейді. Бұл туралы Koremiz ток-шоуында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтолқын Қосмұратованың айтуынша, әпкесі мен жездесі 2001 жылы шаңырақ көтерген. Олар 18 жыл бірге тұрған. 2018 жылы 8 сәуірде әпкесі асылып қайтыс болған. Ақтолқынның анасы Төленқыз бірінші қызының өліміне Қайрат есімді күйеу баласының қатысы барын айтады. Осы оқиғадан кейін 2 жыл бойы Ақтолқын әпкесінің балаларымен араласпай кеткенін жеткізді. Кейін Ақтолқын "қарайласамын" деген себеппен жездесі және оның балаларымен бірге тұра бастаған. Осылайша, кейін Қайрат балдызына бірге тұруға, "балаларды бауырына басуға" ұсыныс жасаған.
Ақтолқын кейін Қайраттан Ахмет есімді баланы дүниеге әкелген.
"Ахмет - жездемнің баласы. Менің балам емес дейді. Артындағы қалына дейін соған ұқсайды. Мені қарабет қылды. Түрі де - бәрі ұқсап тұр ғой. Үш жарым жыл ешкіммен болмағам", - дейді Ақтолқын Қосмұратова.
Бағдарламаға келген Қайрат бірінші әйелінің өліміне қатысы жоқ екенін айтып, екінші әйелінен (балдызы - еск.) туған балалары өзінен екені расталса, алимент төлеуге дайын екенін жеткізген.
Осылайша, бағдарлама барысында бала, расында да, Қайраттан екені дәлелденген. Сондай-ақ, ер адам баланы өз тегіне жазуға келіскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова