- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менің арым таза"....
"Менің арым таза". Қостанайлық әйел жала жапқан такси жүргізушісі үндеу жасады
Қостанайлық әйел жала жапқан такси жүргізушісі үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам қолдау білдірген адамдарға алғыс айтты.
"Ол әйелге қатысты болған жайтқа қатысты пікір білдірейін деп едім. Оның жақындарына бұл жағдайдың кесірінен буллинг жасалмауы керек. Бұл оқиға 24 желтоқсанда болды. Мұның тарап кеткенін қаламаған едім. Видеоны кейбір таныстарыма жіберіп едім, біреуі оны Желіге салып жіберген. Ешкімге өкпем жоқ, кешірім де сұрамаймын, себебі ол әйел оған лайық емес. Айтарым - кез келген жағдайға дайын болып жүріңіздер, бастысы, түсінгенім менің арым таза", - дейді такси жүргізушісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 2023 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай полициясына әйел хабарласып, үйдің жанында такси жүргізушісімен жанжалдасып қалғанын хабарлаған. Ал такси жүргізушісі осы сәтті видео түсіріп алған, онда қыздың полицияға қоңырау шалып, әуелі жанжалдың мәнін түсіндіруге тырысқаны, кейінірек байбалам салып, жүргізушінің "оны құшақтап алғанын" айтады да, артынша есінен танып қалады.
Оқиға орнына барған медицина қызметкерлері әйелді тексеріп, көмек көрсеткен. Полицейлер такси жүргізушісінің әрекетінен ешқандай құқық бұзушылық көрмеген.
Кейінірек әйел видео тарағаннан кейін желіде қысым көргенін айтты.
"Мен полицияға қоңырау шала бастадым, бірақ өзімді нашар сезінетінімді білген жоқпын. Әдейі істеген жоқпын. Ол маған әртүрлі сөз айтып, мені осы күйге жеткізді және ештеңе болмағандай кейіп танытты", - деді ол.
Әйел такси жүргізушісінің үстінен арыз жазудан бас тартқан.
Кейінірек жанжал такси жүргізушісінің әйелдің нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға келуіне байланысты шыққаны белгілі болды. Әйел өзін видеоға түсіріп таратқаны үшін мәлімдеме жазды. Полиция бұл мәселе азаматтық-құқықтық деңгейде шешілетінін хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина