Қазнетте Лакшми Митталдың "сұхбатынан" үзінді тарады. Алайда бұл жалған ақпарат болып шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Митталдың ашық әңгімесі" деп аталған хабарлама тарады. Мәтінде бұл Arcelor Mittal металлургиялық компаниясының ортақ иеленушісінің журналистпен "әңгімелесуінен үзінді" деп жазылған. "Сұхбатта" Лакшми Миттал қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, өз тарапынан келісімшарт бұзылмағанын, оның ары таза екенін айтқаны жазылған.
Arcelor Mittal металлургиялық компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Яғни мұндай сұхбат жасалмаған.
"Таралған хабарлама шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Желіден іздегенде "әңгімелесуден үзінді" әлеуметтік желілерде пост түрінде ғана шыққаны анықталды. Басқа дереккөздерде - ресми сайттарда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында Лакшми Митталдың осы немесе Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан кейін берген басқа сұхбаттары туралы жазылмаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!