Ғылым және жоғары білім министріі Саясат Нұрбек Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жеке мансабы үшін не нәрсені құрбан еткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көп нәрсені құрбан еттім. Көп адам "ой, министр болды" деп ойлайды ғой. Менің арманым болған, PhD-ді барып оқу. 2014 жылы Кембриджге, 2013 жылы Оксфордқа түстім, қазір Сингапурдің ең атақты NTU оқу орны шақырып жатыр. Бара алмадым. Сосын отбасымды құрбан еттім. Қазір балалармен, жұбайыммен уақыт өткізе алмаймын, мүлде көрмеймін. Жұбайым қазір осында. Таңда ұйықтап жатқанда кетем, ұйықтап жатқанда келем. Ораза кезінде ғана сәрісінде әңгіме айтып үлгеретінбіз. Сосын денсаулықты құрбан еттік", - деді ол.
Саясат Нұрбек балалары туралы көптің көкейіндегі сұраққа да жауап берді.
"Мәселе шешілді. Мамыр басында толық көшіріп әкелемін. Қазір мектеп іздеп жатырмыз", - дейді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!