- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менен сұранады". Келіндері...
"Менен сұранады". Келіндері туралы айтқан Қайрат Нұртастың анасы жұрттың сынына қалды
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келіндерге кеңес айтып, видео жүктеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында үшінші мәрте ене атанған продюсер отбасындағы қағидалар мен келіннің міндеттері туралы да айтты.
"Менен жас отбасы иелері мен жаңа түскен келіндерге қандай кеңес бересіз?” деп өте көп сұрайды. Үйленген ұлға да, тұрмыс құрған қызға да отбасы болу қиын кезеңнен басталады. Отағасымен бас қосқан жылы өте қиын болды. Қазір соны күліп еске аламыз. Ең бастысы – жақсы қарым-қатынас. Сонда ғана шаңырақтың іргесі берік", – дейді продюсер.
Сондай-ақ, жаңа түскен келіндердің де міндетін атап өтті.
"Қазір үйдің билігі – өзімде. Келіндерім менен сұранады. Қайда баратынын айтып, қаншада келетінін жазып жібереді. Келін – ененің ертеңі. Көнгісі келмесе бет жыртыспаймын, үндемей қоя саламын. Біз қартайғанда келіннің қолына қарап қаламыз. Бүгін қазан-ошаққа мен билік жүргізіп отырсам, ертең олар жүргізеді. Сондықтан келін ата-енесін сыйлап, қартайғанда бағып-қарайласуы керек. Бәріміз де енемен тұрдық, жаман болғанымыз жоқ", – дейді Гүлзира Үсенқызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушыларының бұл видеоның астына түрлі пікір қалдырды.
"Типа қазір менен сұранып шығуың керек билік менде, айтканымды істетемін деп тұрма, ужас әрине", "Ене тиіссе де жындымен жынды болмай өз анасының берген тәрбиесі дұрыс болса сол анасының тәрбиесімен келіндік міндетін атқарса болды", "Толықтай келісемін.", "Менің өз ойым келін ененің жеке меншігі емес. Келінге жылы сөйлеп, дұрыс қарым қатынаста болса, келін де жақсы болады", "Жас отбасына әсіресе келінге бірінші өзі бақытты болу керек, ешкімсіз",- деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының тойын атап өткенін жазған болатынбыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы