- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менен екі рет...
"Менен екі рет кешірім сұрады". Танымал кәсіпкер абайтанушы Омар Жәлелге ренішін білдірді
Фото:
Фотоколлаж
Танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила абайтанушы Омар Жәлелмен қарым-қатынасы туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Омар Жәлел халықты алдап жүр.
"Омар Жәлелмен бетпе-бет кездессем, мұрнын бұзар едім. Ол халықтың санасын улап жатыр. Қазаққа қасірет әкеліп жатыр. Бәрін өз нәпсісі үшін пайдаланды. Менен екі рет кешірім сұрады. Ол лотерея ойнатып, кітапты сатты. Лотерея өтірік нәрсе. Қызыл тілдің арқасында дінмен де, Абаймен де дұрыс етіп шығарады. Беті қалың ғой. Артынан мойындап, кешірім сұрады", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы