“Менен екі жас кіші“. Ayree екінші күйеуімен қалай танысқанын айтты

“Менен екі жас кіші“. Ayree екінші күйеуімен қалай танысқанын айтты
Фото: instagram.com/ayreeofficial

Ayree лақап атымен танылған Әйгерім Рақыш "Мамский әңгімеге" берген сұхбатында күйеуі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Ayree жақында танымал клипмейкер, әнші, видеограф Нұркен Қасымовқа тұрмысқа шықты. Ол күйеуімен қалай танысқанын айтты.

"Біз негізі колледжде бірге оқыдық. Уақыт өте келе, оның өмірлік жолы басқа, менің өмірлік жолым басқа болды. Біраз жыл өткен соң жұмыс бабымен кездесіп, бір-бірімізді көргенде ерекше сезім пайда болды. "Мен оған сене аламын" деген сезім пайда болды. Менде мұндай сезім бірінші рет болды, сондықтан мен кішкене қорқып қалдым. Оны дұрыс танымасам да, оған жазғым келеді, онымен әңгімелескім келеді. Бірақ ол негізінде көп сөйлемейтін адам. Жұмыста тек жұмысын жасайтын адам. Нұркен өте еңбекқор, өз ортасында абыройлы жігіт, өз ісінің маманы, сыпайы және сабырлы. Иә, ол менен екі жас кіші", - деді әнші.

Өнер иесі күйеуімен бастапқыда жұмыс бабымен кездескенін айтты.

"Негізі мен оған өзім бірінші болып жазылдым, себебі мен жақсы видеограф, клипмейкер іздедім. Сондықтан оған тіркеліп, жұмыстарын бақылап жүрдім. Содан соң оған өзімнің идеяларымды айтып келдім. Ол да маған жазылды. Бір-бірімізге реакция жіберіп, осылайша арамызда байланыс пайда болды. Жай ғана әңгімелесуден басталды, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалатынбыз. Кофе ішіп, бүкіл нәрсе жайлы сөйлесетін болдық. Ол жұмыс бабы жайлы да, жалпы өмірдегі жағдайлар жайлы да болуы мүмкін. Әңгімеміз таусылмайтын. Мен көпшілікпен араласпайтын адаммын, тек өзімнің жаныма, энергетикама жақын адамдармен араласамын", - дейді Ayree.

Еске салайық, Әнші Ayree 18 жасында тұрмысқа шығып, бір жылдан соң ажырасқан. Әнші сол қиын кезеңде 9 айлық сәбиіне қауіпті диагноз қойылғанын жеткізді. Қазір әншінің ұлы 13 жаста.

"Ептеп сөйлейді, арнайы мектепте оқиды. Шетелде емдеу туралы барлық жағдайларды қарастырдық. Енді ол диагноздың түр-түрі бар. Тек бір ғана емдеу емес, кәдімгі жеке сондай ерекше балаларға арнайы ем-шараларын қажет етеді. Туылғаннан бері үйде, тұрақты түрде емделеді. Аяққа тұрып, емделіп кететініне мен сенемін", - деді Ayree massaget.kz берген сұхбатында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова