- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менен едәуір үлкен"....
"Менен едәуір үлкен". Әнші Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Әнші Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты.
"Жеке бастың өмірі - жеке бастың өмірі ғой. Жеке өмірді ортақ талқыға салғым келмейді. Шүкір, жалғыз емеспін", - дейді әнші.
Әнші "күйеуге шығам" деп айту әбестік деп санайтынын айтады.
"Құдайға шүкір, 22 жастағы балам бар. Немере бағатын жастамын. Бірақ өз басым баламның қазір үйленуіне қарсымын. Қазір балам жас. Мен оған өмірді көр, әлемді шарла деймін. Кейбір әріптестерім секілді "мен тұрмысқа шығамын" деп айта алмаймын. Тұрмысқа шықсам да ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Жалғыз емеспін, мені сүйетін, меніаялайтын азамат бар. Мен ұрссам да, еркелесем де мені кешіреді. Бірақ ақ көйлек киюге менің жасым оған сәйкес келмейді. Мен 52-демін, жан дүнием де 52-де", - дейді әнші.
Меруерт Түсіпбаева сүйікті адамы өзінен едәуір үлкен екенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина