Танымал актриса Дариға Бадықова "Келінжан" сериалының продюсері Гүлнұр Мамасариповамен арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі оған сұрақ қойды.
"Гүлнұр Мамасарипова екеуіңіздің араңызда бір реніш бар сияқты", - деп сұрады оқырманы.
"Менде реніш жоқ. Бұл кісіге тек алғыстан басқа айтарым жоқ. Үлкен рақмет. Маған сеніп, Айсараны тапсырғаны үшін. Менің өнер жолымдағы бір демім болды. "Келінжан" барлық қазақ аудиториясын өз махаббатымен ғашық қылған сериал. "Келінжан" жүрегімде мәңгілік қалады. Қайталанбас образ. Сол себептен Гүлекеңнің зор еңбегі бар. Сыйлығымды алып, рақметімді айтып шығу - менің парызым. Бұйыртса барамын", - деп жазды актриса.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!