“Мен үшін қаралы күн“. Мақпал Жүнісова күйеуін еске алды

“Мен үшін қаралы күн“. Мақпал Жүнісова күйеуін еске алды
Фото: Мақпал Жүнісованың жеке архивінен

Мақпал Жүнісова қарашаның қаралы хабар алған мезгіл екенін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

"12 қараша - мен үшін қара күн", - деп жазды ол архивтен видео бөлісіп. 

Айта кетейік, танымал әнші Мақпал Жүнісованың күйеуі, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада қайтыс болған еді. Ол кезде марқұм 61 жаста болатын. 

Еске салайық, қайғылы күнде Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің 2005 жылы 26 тамызда өзіне жазған соңғы хатын жариялаған болатын. 

Ал жазушы Дулат Исабеков Заманбек Нұрқаділов туралы естелігін бөлісіп, "Назарбаевқа тікелей тиісті" деп айтқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева