- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Мені түсінеді“. Демеу...
“Мені түсінеді“. Демеу Жадыраев әйелі жайлы сөз етті
2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев "Қызық Times" бағдарламасына берген сұхбатында әйелімен қарым-қатынасы жайлы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарламаға келген көрерменнің бірі балуаннан отбасының Жадыраевтың жаттығуларына деген көзқарасына қатысты "жаттығулар сіздің өміріңізге қалай әсер етеді, әйеліңіз немесе отбасыңыз бізге көңіл бөлмейсің деп ренжімей ме?" деп сұрақ қойды.
"Жоқ, ондай кездер болмайды. Әйелім мені түсінеді. Қанша оқу-жаттығу жиынына, жарысқа кетіп жатсам да, түсіністікпен қарап, керісінше қолдайды", – деп жауап берді ол.
Демеу Иманғалиұлы Жадыраев — грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, 2024 жылғы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин