Көпшілікке отандық сериалдар арқылы танылған актер Асқар Жұмабеков оқырмандарына темір тордағы жағдайы қалай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жазған хатын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Ойларымның бәрі ақ параққа үздіксіз төгіле бастады. Бірі - көңілден шықса, бірі - қоқыстан орнын тапты. Көңілден шыққанын кейін жазармын. Қазіргі жағдайым бірқалыпты. Қуантарлық жаңалық та болмай тұр. Бірақ үмітім үзілмеді. Бір ойым, мені бір түбі жоқ құдыққа лақтырғандай. Шегі көрінер емес, қараңғы. Енді бір ойым, мүмкін сол қараңғылықтың артында жарық атты үміт күтіп тұрған болар… Әзірге осы. Иә Аллаһым, бұл күндерді артта қалдырып, жақсы күндерді нәсіп ете гөр! Ең бастысы, бұл сынақта сабырлық серігім болып, рухым сынбасын. Мен сіздермен мақтанамын!" - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін актер Асқар Жұмабеков басына іс түскенін айтып, Президентке видеоүндеу жасағаны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!