Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман "Умные люди с Асель Кожаковой" подкастына берген сұхбатында экс-күйеуінің қай кезеңде өзгеріп бастағанын байқағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, үйленгеннен кейін алғашқы жылдары бәрі бірқалыпты болған.
"Үйленіп, бірге тұрып бастаған алғашқы жылдары барлығы бірқалыпты, жақсы болды. Әрине, ең бақытты жылдарым деп айта алмаймын. Бірақ тұңғышым туғаннан кейін барлығы жәймен басталды. Ол мені сәбиімнен қызғанып бастады, ол мұны қызғаныш ретінде көрсетпейтін. Өйткені менің уақытым да, күшім де болмады. Бұл менің тұңғыш перзентім болғандықтан, мен көңілімді тек сәбиіме бөлетін едім. Әлем төңкеріліп кеткендей сезім болды, түнімен ұйықтамайсың, сәбиіңнің қалай демалғанына дейін қарап, бақылап жатасың. Осы кезеңде бірдің арамыз суып бастады, ол маған ренішін білдіріп жүрді. Ал мен тек тұңғышымды ойлап жүрдім, оған қоса мен екіншісіне жүкті болдым. Бірге отбасылық өмірде 5 жыл тұрып, мен екінші сәбиіме жүкті кезімізде оның өзгеріп бастағанының алғашқы белгілері пайда бола бастады", - деді Назым Қаһарман.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алкоголизмді қай жерде емдейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!