- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мені театрдан қуды"....
"Мені театрдан қуды". Танымал актер мен Ерлан Біләлдің арасындағы дау неден туындады?
Актер Нышанбек Жубанаев "Talk like" бағдарламасында Ерлан Біләлі екеуінің арасындағы дау туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Ерлан Біләл актерді театрдан қуып жіберген.
"Қуып жіберді деп қатты айтылған шығар. Иа солай, бірақ... Көп жерде бұны айтпауға тырысамын. Қазір айтсам, мен бәрін бүлдіріп алуым мүмкін. Ұятты нәрселерді айтып кетемін. "Адамға билік берген кезде өзгереді" деген бар ғой. Бірақ олай емес, адам онсыз да сондай. Тек билік пен ақша оның қандай адам екенін көрсетті. Мен оның артынан ғайбаттамаймын. Құдай оған істейтін нәрсені істеді. Тек жақсылық тілеймін. Аман болсын, ауырмасын. Біріншіден, адамгершілік жағынан дұрыс емес. Екіншіден, мұсылман болғандықтан жақсылыққа жақсылық істегім келеді. Театрдан қуса да, ол кісіге жақсылық тілеймін. Кетіру керек болды, кетірді ғой", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы