Алматының Алмалы аудандық сотында 83 жастағы Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейінгі жағдай
Шілдеде әлеуметтік желілерде 83 жастағы Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тарады. Кейін осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ақсақал екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені де айтылды.
Сот отырысында не болды?
Сот процесіне тараптар онлайн режимде қатысты. Істі судья Ернар Қасымбеков қарады. Жәбірленуші сот отырысына қатысқан жоқ. Судьяның айтуынша, әйел медиативтік келісімге байланысты істі тоқтату туралы өтініш берген.
"Жәбірленуші Амантай Асылбекке ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Мәлімдемеде әйел Амантай Асылбек моральдық және материалдық залалды өтегенін, сонымен қатар, денсаулығына байланысты өзі отырысқа қатыса алмайтынын көрсетті", - деді судья.
Сот өтемақы мөлшерін жарияламады.
Tengrinews.kz/ Ақбота Сіләм
"Мен адал, таза адаммын. Мен кінәлі емеспін. Ешқандай қылмыс жасамадым және оны итерген жоқпын", – деді Амантай қажы.
Судья Ернар Қасымбеков тараптар татуласуына, материалдық және моральдық залал өтелуіне байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды.
Tengrinews.kz/ Ақбота Сіләм
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова