Атырау облысының полициясы Ресейдің 24 жастағы азаматшасы Эльза Солтаеваның бейнеүндеуіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПД мәліметінше, оны Шешенстандағы туыстарынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскендіктен ұстаған.
"Полицияға 2000 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматшасы із-түссіз жоғалды деген хабарлама келіп түскен. Азаматша анықталып, Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Оның өз еркімен үйінен кеткені анықталып, түсініктемесі алынып жіберілді", - деді Атырау облысының полиция департаменті.
Бұған дейін ресейлік құқық қорғаушы Светлана Анохина өзінің парақшасында Доссор ауылында полиция ұстаған кезде Эльза Солтаеваның құжаттарын алып қойғанын жазды. Онымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін ерікті Владислав Хорев та ұсталғаны айтылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Анохина жариялаған видеода Эльза Солтаева 3 ақпанда түсініспеушілік пен тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан үйден өз еркімен қашып кеткенін айтты. Ол сондай-ақ оны полиция ұстап алғанын және "құжаттарын алып алғанын және бермей жатқанын" хабарлады.
"Менің артымнан туыстарым келе жатқанын білемін. Олар жақын арада болады, олар мені өлтіреді деп қорқамын", - деді Эльза Солтаева.
Кейінірек желіде тағы бір бейне пайда болды, онда қыз оны жібергенін растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова