"Мені таңғалдырды". Аргентиналық боксшы Қанат Ислам туралы пікірін айтты

"Мені таңғалдырды". Аргентиналық боксшы Қанат Ислам туралы пікірін айтты
Фото: ©Probox TV

Орта салмақтағы аргентиналық Хавьер Франсиско Маcьель (34-18, 23 КО) қазақстандық Қанат Исламнан (29-1, 22 КО) жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшы қазақстандықтың физикалық бабы мен болашағы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сегіз раундқа созылған жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, төрешілердің шешімімен Қанат Ислам жеңген болатын. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 29-жеңісі болды, ал Масьель 18-рет жеңіліп қалды.

"Қарсыласымның физикалық бабы мені таңғалдырды. Ол жылдам әрі сергек болды. Ол бүкіл жекпе-жекте басымдық танытып, маған мүмкіндік бермеді. Менің ойымша, оның дайындығы жақсы болды. Ол көптеген қарсыласын есеңгіретіп, сыншылардан жақсы баға ала алады. Оған сәттілік тілеймін және армандарына жетуіне тілектеспін. Менің ойымша, оның мүмкіндігі бар", - деді Масьэль.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш