Танымал әнші Дастан Оразбеков Instagram-парақшасында әйеліне жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әйелін ерекше күнмен құттықтай отырып, онымен түскен суреттерін жариялады.
"17 жыл бұрын мені таңдағаныңа рахмет. 17 жыл бойы сеніміңді үзбей жүргеніңе рахмет. 17 жыл бұрын құрған отауымыздың отын сақтағаныңа рахмет. 17 жылдың ішінде 2 ұл сыйлағаныңа рахмет. 17 жыл менің шырағым болғаныңа рахмет. 17 жыл бойы өзіңмен шынайы махаббатты сезінгеніме рахмет. Жаманымды жасырып, жақсылығымды асырғаныңа рахмет. Саған жолықтырған Аллаға рахмет", - деп жазды әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!