- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен сөйлеп тұрған...
"Мен сөйлеп тұрған тілде сөйле, не мүлде сөйлеме": компания даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Желіде Дрифт турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің видеосы қызу талқыға түсті. Оқиға Gorilla Drift Championship жарысы кезінде болған. Компания даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы компания әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Gorilla energy қатысты айтылған көптеген пікірді, нақты айтсақ, "жарысқа қатысушы мен ұйымдастырушылардың бірінің арасында дау туындады" деген бейнежазбаны зерттей келе мынадай мәлімдеме жасаймыз. Бұл оқиға 2024 жылы 2 маусымда драг-рейсингтен өткен республикалық турнир кезінде болған. Gorilla Energy осы спорттық іс-шараның ресми демеушісі немесе ұйымдастырушысы емес екенін ескерсек, біздің пікіріміз қисынсыз деп санаймыз.
Сондай-ақ, Артем Чекменевтің біздің компанияның ресми бренд-амбассадоры емес екенін хабарлаймыз, өйткені онымен келісімшарт 2021 жылы аяқталған және қазір осы келісімшарт бойынша өзара ешқандай міндеттеме жоқ. Бұған қоса, оның пікірі брендтің ресми ұстанымы емес.
Бірақ Артем Чекменевтің Gorilla Drift Championship жарысы ұйымдастырушыларының бірі екенін растаймыз. Қазіргі жағдайды ескеріп, Артем Чекменевті осы оқиғаны ішкі тергеу аяқталғанға дейін Gorilla Drift Championship және брендке қатысты өзге де спорттық іс-шараларды өткізуге қатысты барлық ұйымдастырушылық мәселеден уақытша алып тастау туралы шешім қабылдадық.
Gorilla energy кез келген кемсітушілікке қарсы екенін білдіріп, қоғамда бір-біріне құрмет көрсетуге үндейді", - деп жазылған мәлімдемеде.
Айта кетейік, Желіде Дрифт турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің видеосы қызу талқыға түскен еді.
Кадрда ер адамның басқа адамдармен тілге қатысты жанжалдасып тұрғаны байқалады.
"Сен мен сөйлеп тұрған тілде сөйлесесің, болмаса мүлде сөйлеме... "Эй" деп өз әйеліңе айтасың... Орысша түсінбейсің ғой, бауырым", - дейді ол видеода.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек