Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесі Бейбіт Қорған өзін "сотқа береді" деген қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі Желідегі парақшасында арнай жазба жариялаған.
Оның айтуынша, ол жеке тұлға ретінде әлемде болып жатқан кез келген мәселеге өз пікірін мәдени тілде білдіруге құқылы, сондықтан да ешнәрседен қорықпайды.
"Менің бір ой салар постым үшін, мені Бейбіт сотқа береді деген ақпарат тарапты…. Мен, әлемде болып жатқан кез келген мәселеге өз пікірімді мәдени тілде білдіруге құқылымын…. Жазбамды еш өзгеріссіз қайта жариялаймын. Сотта да ақымақтар отырған жоқ! Осы жазбаны жазар алдында көп ойландым, өзімде ұл өсіріп отырмын ғой…. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?!
Еуропаның екі қаласының ортасындағы уақыт бір сағат шамамен….Бағдарламаның ДНҚ тапсырған бөлімін көріп қалып, көңілім су сепкендей басылып, жабырқау күйге түсіп, құлазыдым …. Арнаның журналисттеріне рейтинг керек, ол түсінікті. Көрерменге ШОУ қажет. Басында келіскенімен, 5 жылдай уақыт өтіп, артынан түсініспеген, әйел мен еркектің жағдайы да белгілі …. Ал, бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Ол ер бала (?!) ертең есейеді ғой, мына дау-даумайды ютубтан қарап, намыстанып, қандай сезімде болады екен…. Біреуің баланың болашағын ойладыңдар ма?! Оның бетін ретуштамай, бажырайтын көрсетуге құқылы ма ересектер?! Этика қайда?! Ертең-ақ ержетеді бұл ботақан, өз отбасын құрады, құдай қаласа…Сол кезде осы шу оның алдағы өміріне әсер етуі әбден мүмкін емес пе?! Ересектер неге сонша қатал болдық екен?! Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті….Канша ашулы болса да (оның баласы болмаса да ) - бір кінәсіз , күнәсіз сәби ғой….. өзі аурушаң екен…. Әкесіз өсіп жатыр екен… "Маған арман" деп соның әнін айтып, жүгіріп жүрген қазақтың бір баласы ғой ❤️❤️ #әрқазақменіңжалғызым Бағдарламаны қарап отырып, эххх… шіркін-ай, сол жерде баланы көтеріп алса ғой….. деген ой келді маған .Бірақ…. Еркектер басқаша ойлайды-ау шамасы. Қысқасы сол - әлі , өзі шешім қабылдай алмайтын сәбиден басқалары ☝️☝️тек өзінің нәпсісін , ыңғайлылығын ойлап отырған жайы бар сияқты. Ал білгенге, мұндай тәп-тәтті ботақан - талайларға арман! Аман бол, құлыншақ! Адамдардың қатыгездігін кешіре ғой….Аса мейірімді Аллах жар болсын саған", - деп жазған әнші.
Еске салайық, бұған дейін атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, 4 жасар баласы - әншінің ұлы.
"Әкесі ретінде 100 пайыз қабылдаған адам - Бейбіт Қорған. Ол мойындамаса да, дәлелденсе, балаға жауапкершілікті алсын деймін. Маған одан ештеңе керек емес", - дейді ол.
Кейін өнер иесі ДНҚ тапсырды. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген айтты.
"Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, "Маска" шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сарматтардың шаруашылығы туралы қандай еңбекте айтылған? Сарматтар мал өсіруден басқа немен айналысты?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!