Танымал әнші Дильназ Ахмадиева әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуіне арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол экс-күйеуімен неліктен қайта қосылмағанын түсіндірген.
"Біз қайта қосылмадық. Бірақ, мен перзентімнің әкесі осы адам екеніне Алла Тағалаға ризамын. Ол ең дана, креативті, нәзік адам! Оның жан дүниесі мен принциптері маған ұнайды! Біз отбасымызды сақтап қала алмадық, өйткені осылай болу керек болды, бірақ мен оның әйелінің бақытты болатынын білемін. Азилька, саған және сенің болашағыңа деген шынайы жақсылық тілеймін. Мен сені жақсы көремін. Бауырым ретінде", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Дильназ Ахмадиева ажырасып кеткенін мәлімдегені хабарланған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!