- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен саған ризамын,...
"Мен саған ризамын, қызым". Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызына қымбат сыйлық жасады
Танымал әнші Абай Бегей тұрмысқа шығып жатқан қызына көлік мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызының тойында Абай Бегейдің видеожолдауы үлкен экранға көрсетілді.
"Өткенің көз алдымда, балдырған қызым.
Білмеймін, бере алдым ба әкелік жан жылуын.
Мұстафа балам, қызым саған аманат.
Маңызды күніңде жаныңнан табылып, қуанышыңа ортақ болғым келді. Мен саған ризамын, қызым. Сенің қуанышыңа арнайы тосынсыйым бар. Сен дайын болсаң...", - деген видеоқұттықтаудан кейін Сымбатқа су жаңа көліктің кілті табысталды. Абай Бегейдің 16 жасында тұрмыс құрып жатқан қызы Сымбат әкесін құшақтап, қуаныштан көзіне жас алды.
"Видео сөйлесін. Эмоциямды айттып жеткізе алмаймын. Отбасыма шексіз рахмет", - деп жазды Сымбат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева