Танымал әнші Өмірқұл Айниязов жас кезінде бірнеше рет пышақталғанын "Саумал" подкастында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, бұл оқиға туралы ауылдағы ата-анасы да, жақындары да білмеген.
"Ақтөбеде жүрген кезімде телефон жоқ. Ауылға жарты жылда бір хабарласамыз. Сондай заманда жатақханаға қаланың жігіттері келіп, мазамызды алатын. Сол кездері пышақталған уақытым болды. "Пышақталып жатырмыз", "милициялар келіп тергеп жатыр" деген әңгімелерімізді ауылға айтпайтынбыз. Сол заманның түсінігі шығар. Пышақталып жатсақ та, шағымданып, ағай-апайларға да, ата-анамызға да ештеңе демедік. Пышақталған кезде ауруханада болдым. "Ішкі органға 2 см жетпей қалған" деген әңгімелерді естідім. Басым айналып, қан жоғалтқан сәт болды", - деді әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз