- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен өсек тасып...
"Мен өсек тасып жүретін адам емеспін". Анна Данченко ренішін айтты
Танымал журналист Анна Данченко әлеуметтік желіде ренішін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист қазір қоғамда жиі талқыланып жатқан әнші Ғабит пен оның бұрынғы әйелі Нұриланың мәселесіне қатысты пікір білдірді.
"Сіздерге бір сұрақпен шығып жатырмын. Достар, менің сіздерге қояр сұрағым Нұрила мен Ғабит мәселесіне қатысты болып тұр. Мен қашан да адамның көңіліне қараймын. Айтқысы келіп тұр ма, жоқ па, айтқысы келмесе, әрі қарай қазбалап сұрамаймын. Мен Нұрилаға сұрақтарды қойған кезде "сіз Instagram-ға осындай видео жүктепсіз, адамдар сізге қол көтерді екен деп түсініп қалып жатыр. Дұрыс па, дұрыс емес пе, өзіңіз айтсаңыз" деген секілді жұмсартып қойдым. Әрі қарай сұрақтың жауабын айтып, тақырыпты алып кетті. Одан кейін Роза ханымға барып, үлкен подкаст жазыпты. Бірақ оған бірінші болып бәріне түсінікті болуы үшін үлкен сұхбат жасауды мен ұсындым. Кімге барса да, қандай сұхбат берсе де әркімнің өз қалауы ғой, ешқандай қарсылығым жоқ. Керісінше барсын, айтсын, ішіндегісін шығарсын", - деді ол.
Сонымен қатар, журналист отбасылық мәселелерде басқа біреуді кінәлау дұрыс емес екенін айтты.
"Ғабит өзі парақшаға видео салыпты. "Анна Данченкоға сұхбат беруге дайынмын" деді. Маған оны құрбыларым жіберді. Сұхбатты Нұриладан бірінші алған - мен, бүкіл әңгіме сол жақтан шығып кетті. Нұриланың алдынан өтейін, ойын сұрайын деп, өзіне жазып сұраған едім. "Қалай қарайсыз? Негізінде мен бұл сұхбатты жазғым келіп тұрған жоқ. Өйткені Исламның сұхбатынан кейін жобалап ер азамат не жауап беруі мүмкін екенін біліп отырмын" (деп сұрадым - еск.). Бірақ әңгіме екінші тарапта болып тұр ғой. Бір жақ айтты, екінші жақ та нұсқасын айтуы керек деген сияқты. Бірақ ол қаншалықты керек? Жеке отбасында болып жатқан жағдай десем, халықтың алдына шығарды. Екі жақтан видеосәлемдеме жолдап жатыр екен. Мені қыстырып, мен кінәлі болып тұрған сияқтымын. Адам айтқысы келмеген нәрсені "ренжімеңіз, ол туралы айтқым келмейді" деп жаба салады. Айтқысы келіп тұрса аяғына дейін айту керек. Сөйтіп, "қалай қарайсыз?" деп сұрап едім, игнор. Сондықтан маңызды нәрсе айтқым келіп тұр. ...Отбасылық мәселелер туындаған кезде әлеуметтік желілерде жариялағандарыңызға қарап сұрақ қоятын журналистерді кінәлаудың қажеті жоқ. Мен өсек тасып жүретін адам емеспін, журналиспін. ...Халықтың алдында жүргеннен кейін, атым аталғаннан кейін жауап беруіме (осы жағдайға қатысты - еск.) тура келді", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген Анна Данченкоға берген сұхбатында алғаш рет ажырасуының себебін айтты. Сұхбатта Нұрила Ақберген бұрынғы күйеуі оны ұратын болғанын жасырмады.
"Айғақ сурет-видеолар бар". "Меломен" тобының әншісі Ғабиттің бұрынғы әйелі жанайқайын жеткізді
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова