- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мені онымен салыстыру...
"Мені онымен салыстыру - ақымақтық". Бақыт Шадаева Димаштың жанкүйерлеріне жауап қатты
Танымал әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне жауап қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Бақыт Шадаева Базарlike жобасына берген сұхбатында Димаш Құдайбергеннің қазіргі орындаушылық қабілетіне көңілі толмайтынын айтқан еді. Кейін Бақыт Шадаеваның бұл мәлімдемесінен кейін басы дауға қалды.
Өнер иесі айтқан сөзіне көңілі толмаған Димаштың оқырмандарына жауап беруді ұйғарған. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, қазір Димашты талқылаудың орнына елдегі басқа мәселелерге назар аудару керек.
"Мен Димаш туралы айтқан сөздерімді талқылаудың орнына елімізде болып жатқан маңыздырақ мәселелерге назар аударғым келеді. Бәріміз азамат ретінде өз пікірімізді білдіруге құқығымыз бар, мен түрлі көзқарасты шын жүректен құрметтеймін", - деді ол.
Өнер иесі сұхбатта ешкімді ренжіткісі келмегенін, өз ұстанымын білдіргенін айтты.
"Сұхбат барысында ешкімді ренжіткім келмей, жай ғана өз ұстанымымды білдірдім. Елімізге қатысты нақты мәселелерге тоқталайық. Барлығымызды бірігіп, қоғамымызда оң өзгерістер жасау үшін белсенді іске кірісуге шақырамын. Менің пікірім абсолют ақиқат емес, мен басқа дәлелдер мен көзқарастарды тыңдауға дайынмын. Өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген диалог құрайық", - деп жазған ол.
Әншінің айтуынша, оны Димашпен салыстыру ақымақтық, себебі екеуі түрлі деңгейде.
"Мені Димашпен салыстыру ақымақтық сияқты. Біз - түрлі жетістікке жеткен түрлі адамбыз. Біз бірге елімізді көркейтіп, оның гүлденген болашағын қамтамасыз ете аламыз. Сондықтан ынтымақтаса отырып, кедергілерді бірге жеңейік", - деді Бақыт Шадаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Бақыт Шадаева - эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. Оның "Аңса жаным", "Жауын", "Алматым - сұлу астанам", "Достарым", "Өмір - арман" сынды әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек