“Мен неге жылап отырмын?“ Бапкер мен шәкірттердің әрекеті жұртты елжіретті

“Мен неге жылап отырмын?“ Бапкер мен шәкірттердің әрекеті жұртты елжіретті
Фото: Видео кадры

Бапкер мен шәкірттің әрекеті желідегілерді елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TokTok әлеуметтік желісінде пайда болды. Видеода бапкер жарыс жолынан шығып қалған шәкірттеріне қолдау білдіріп жатыр. Ол көз жасына ерік берген балалардың басынан сипап, жеңісті күндер әлі алда екенін айтады. 

Жүрегі кең бапкердің есімі - Сергей. Ол Астанада дзюдодан жаттықтырады. 

"Көңілді түсірме, жасыма, бәрі жақсы болады! Жылама, жақсы күрестің! Жарайсың! Жинақтал! Бәрі жақсы, бұл - соңғы жарысың емес, жинақтал, әлі басқаларына демеу болуың керек. Жеңіске жету үшін көп еңбектену керек", - дейді бапкер видеода. 

@ortus.kz

🙌🏻Дорогу осилит идущий! В этот день было очень много падений, слез, разочарований. Все хотели выиграть, привезти домой медаль, обрадовать родителей. В этот день, у ребят чуть-чуть не получилось. Но, все самое главное и интересное ещё впереди. ☝🏻Самое главное, не падать духом и не опускать руки.

♬ оригинальный звук - ORTUS.KZ

Желі қолданушылары мұндай жанашыр бапкерге риза болып, пікір қалдырған. 

"Менің де мынадай бапкерім болғанда ғой", "Мен неге жылап отырмын?" "Жылап қалғаны намыс қой, жібермей тұр. Ертең әлем чемпионы боласыңдар, біздің болашақ чемпиондар", "Өз балаларындай көреді екен. Сөз жоқ, керемет бапкер, әке!" "Сергей, жарайсың! Жүрегің кең болса, бұл өмірде жеңіске жеттің деген сөз", "Көз жасымды тыя алмай отырмын", - деп жазған олар.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек