- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен мінсіз емеспін"....
"Мен мінсіз емеспін". Дана Нұржігіт әсерлі жазба жариялады
Танымал журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ұлының демалыстан көп затқа шабыттанып келгенін жазған.
"Мен мінсіз емеспін, бірақ мен сен үшін идеал екенмін.
Әлім бір аптадай жол жүріп келді. Қатонның сұлулығын айтып, ауызының суы құрып отыр. Туризмді дамыту туралы да ой келіпті. Маған әкелген сыйлығына мен мәзбін. Қарағайдың иісі аңқыған кішкентай қобдиша, Алтай балы мен магнит-кәдесый. Бала есейіп қалғандай. Жатарда көп әңгімелестік. Осы сәттер бізді бір-бірімізге жақындата түседі, көрген-түйгенін айтып, жолда не болғанын, қандай адамдармен кездесіп, не туралы әңгімелескенін баяндап жатыр. Мен естімеген жер, су атауларын тізбектеп, Берелдің тарихын құлағына құйып алған екен. Маңдайын иіскеп:
"Ал, енді жатайық балам…" - деп жатсам,
"Мам, бір нәрсе айтайыншы: мен сізді қатты жақсы көремін. Қатты сағындым. Сіз мен үшін идеалсыз!" - деді ұлым.Ал, осыдан кейін "болмасаң да, ұқсап бақ!" - дедім өзіме", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең көп нокаутпен жеңген боксшы кім?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә