"Мені күтіп тұр, той көйлегін таңдаймыз". Балжан Бидаш жақсы жаңалығын жариялады

Танымал әнші Балжан Бидаш жақында боалтын маңызды оқиғаға қалай дайындалып жатқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сәлем, достар! Осы уақытқа дейін Алматыда күнде жаңбыр жауып, салқын боп тұрды. Бірақ дәл қазір 30 градуста көшеде асығып кетіп бара жатырмын. Өйткені бүгін той көйлегін таңдаймын, таңдаймыз ашықшасы. Солай, бақытты болып кетіп бара жатырмын. Мені күтіп тұр арғы жақта. Қалай ойлайсыздар, той көйлегі не үшін, кімге? Сіздерге осындай сұрақ бар", - деді Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Кейін реакцияларын көру үшін құрбыларымды шақырып алдым деп қыздармен түскен суретін жариялады. Араға аздаған уақыт салып Балжан Бидаш "Сен алдандың" деген жазумен құрбысы, актриса Фариза Ескерместің тойына дайындалып жатқанын жариялады. 

"Гүлді сен аласың деп мені тұрмысқа асықтырып жатыр", - деді Балжан Бидаш. 

Кадр сыртында Фариза Ескермес те "бұйырса тойымызда гүлді сен қағып аласың және келесі той сенікі болады. Сен де сенің пікіріңді, таңдауыңды, шығармашылығыңды сыйлайтын жігітті кездестіресің" деп жатқаны байқалды.

 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!