Атыраудағы "Шаңырақ" отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі мекемеде болып жатқан жантүршігерлік деректерді жария еткені үшін әкімшілік тарапынан заңсыз жұмыстан шығарылғанын және қудаланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ол өз өмірі үшін қорқатынын жеткізді.
"Мен, Досалиева Марьяш Тоқтарқызы. "Шаңырақ" балалар ауылындағы жұмысым барысында балалармен қарым-қатынас жақсы болды. ...Үш бап бойынша заңсыз жұмыстан шығарды. Балалар үйінде болған зорлық-зомбылықты айтқаным үшін қудалап жатыр. Өміріме қатты алаңдап отырмын", - деді тәрбиеші бейнеүндеуінде.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда "Шаңырақ" балалар ауылына қатысты дау жалғасып жатқаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!