Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгінгі сот отырысында бұрынғы әйелі Назым Қаһарман көлігін ұрлап кетпек болғанын мәлімдеген болатын. Ал Назым Қаһарман өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Назым Қаһарман көлікті ұрламағанын айтып, көлікке қатысты істің мән-жайын түсіндірді.
"Сотта менің атым тағы да аталды, жала жабылды, әрине, мен үндемей қалмаймын, сондықтан бәрі қалай болғанын айтып беремін. 10 қарашада ұлым, анам, құрбым және мен келінінің қаза болғанына байланысты көңіл айтуға бардық. Олардың үйінен біріміз аң-таң болып шықтық. Өйткені, адам өлтірді деген күдікке ілінген Бишімбаевтың қазір сотта айтып отырғанын, сол кезде оның ата-анасы айтып отырды. Бірақ қазір бұл туралы сөз қозғамаймын", - деді ол.
Айыпталушының бұрынғы әйелі сол күні кездесуде Қуандықтың ата-анасымен сөзге келіп қалғанын айтты.
"Мен сол күні балаларымды тасу үшін Қуандықтың ата-анасын көлік сұрадым. Менің өз көлігім бар, бірақ үш баланы бір уақытта қажет мекенжайға жеткізіп үлгермеймін. Сондай-ақ, Қуандық күдікке ілініп, қамауға алынған күннен бастап қоғам тарапынан теріс көзқарас қалыптасты. Мен балаларым үшін қорықтым, оларға сыныптастары, такси жүргізушілері, мектепке тиесілі жеткізу көлігінің адамдары қалай қарайтынын білмедім. Баларымды жалғыз қалдырғым келмеді, біреудің қарағанын қаладым, сондықтан олардың жағдайы мейлінше жақсы болуы үшін көлік сұрадым. Бұған Қуандықтың анасы "көліктің барлығы тергеу изоляторына тамақ тасу және сонда бару үшін арналған, өйткені ол азып кетуі мүмкін" деп жауап берді. Сондай-ақ, ол көліктермен адвокат секілді басқа да сотқа қатысты адамдарды таситынын айтты. Мен бұған таңғалып, қорғаушылар шын жүректен өкініп, тек қана мойындау керегін айттым. Сөйтіп олар маған көлік бермейтінін айтып, "балалар әкесі немесе біз секілді қиналып жатқан жоқ, ешнәрсе етпейді" деді. Ал келесі күні, 11 қарашада біз сөзге келіп қалдық", - деді ол.
Назым Қаһарманның айтуынша, кикілжің барысында Қуандық Бишімбаевтың әкесі өзіне қол көтерген.
"Қуандық екеуміз ажырасқанда мүлікті бөлмеген болатынбыз. Бірақ ол балаларына керек-жарағын сатып алып, көмектесетін, қамқор болды. Қуандық мектептің де ақысын төлейтін еді, сондықтан бұл мәселеге қатысты ешқандай кикілжің болмады. Бірақ, ол адам өлтірді. Сондықтан енді мен оған балаларымның әкесі ретінде қарай алмаймын, ол мен үшін өлген адаммен тең. Осыған байланысты мен мүлік, қаржы мәселесін қайта көтердім. Қуандықтың әкесі мені ұсақ пайдакүнемшіл деп атады. Иә, мен пайдакүнемшілмін. Менің үш балам бар, оларды небәрі 10, 12, 14 жаста. Ана ретінде олардың болашағы мені қатты уайымдатады. Сөйтіп Қуандықтың әкесі менің қолымнан екі рет ұрды, мұны менің қызым көрді. Олар бұл жағдайдың бәрін өз көзімен көріп, құлағымен естігендіктен, маған тіпті оларды ата-әжесімен араласпауға көндірудің қажеті жоқ. Осы жағдайдан кейін біз олармен көріскен жоқпыз", - деді ол.
Келесі күні айыпталушының бұрынғы әйеліне Бақытжан Байжанов хабарласқан.
"Бір күннен кейін менің балаларымды қолдап, көмектесуге Қуандықтың жалғыз туысы Бақытжан келді. Ол да қазір күдікке ілінген. Мен Бақытжанмен бұрыннан таныспын, ол менің балаларым туғаннан бастап көмектеседі, балаларым оны өте қатты жақсы көреді. Сол кезде Бақытжан маған Салтанат қайтыс болған күн туралы бәрін айтып берген болатын. Оның сол күні маған айтқанын, қазір сотта айтып отыр. Мен оған бірден оны да қамауға алуы мүмкін екенін ескерттім, өйткені ол жедел жәрдемге, тым болмағанда Салтанаттың ағасына хабарласуы керек еді. Сөйтіп мен оған Қуандықтың ата-анасымен болған кикілжің туралы айттым. Өзімнің таңғалғанымды жасырмадым, недегенімен бұл балалар олардың немересі ғой. Мұны естіп, Бақытжан Алматыдағы өзіне рәсімделген көлікті балаларды тасу үшін маған беруді ұсынды. Екеуміз келісіп, келесі күні ұлым Қуандықтың Алматыдағы үйінің қызметкеріне хабарласты, ол бізге көліктің кілтін берді, солай біз көлікті алып кеттік. Бірақ біз сенімхат жасап үлгермеген едік, өйткені Бақытжан қамауға алынды. Осылай мен ұрлықшы атандым", - деп қорытындылады ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Бұл өте қорқынышты". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман қысым көріп жатқанын мәлімдегені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қысқаша мазмұны