Танымал блогер Дархан Жолшыбеков өзінің жары Дариғаға 5 миллион тұратын білезік сыйлады. Бұл туралы блогер өзінің instagram парақшасына жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"- 5 миллион, + бақытты әйел", деп жазды ол өзінің парақшасына.
Желі қолданушылары бұл білезіктің тым қымбат екенін айтып, түрлі пікір қалдырды.
"Тым қымбат емес пе?", "Ойбай 5 миллион теңге?", "Сол бағаға сосын сата аласың ба?", "Әкімнің қызы болғанша, Дарханның қызы бол", "Қумаңдар ары кетсе 300 мың шығар", "Қасқа осы алтын базарда 500 мыңға да жетпейді ғой, қазағым-ай ақшаларын қайда шашарын білмей жүрген тентектер ғой" , деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!