- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мені көрсетпе, мен...
"Мені көрсетпе, мен туралы айтпа" деді". Белгілі әнші алғаш рет күйеуі туралы айтты
Белгілі әнші Інжу Әнуарбек Қызықты weekend бағдарламасында алғаш рет жұбайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, күйеуі халықтың алдына шыққысы келмейді.
"Жолдасым туралы хабар жоқ. Өйткені өзінің сұранысы. "Мені көрсетпе, мен туралы айтпа" (дейді - еск.). Өйткені пікірталасқа түсуге қорқады. Жақтырмайды. "Мені сөз қылып, әңгіме қылудың керегі жоқ, сені қолдаймын" дейді. Әуелден бастап өзін көрсеткісі келмеді. Тып-тыныш, бақытты өмір сүріп жатырмыз", - дейді әнші.
Інжу Әнуарбек қандай келін екенін де әңгімеледі.
"Жолдасым Тараздың жігіті. Ата-енеммен мүлдем тұрған жоқпын. Тек Алматыда. Осы жерде қосылып, осы жерде қыздар дүниеге келді", - дейді өнер иесі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова