- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен қорқамын сенен"....
"Мен қорқамын сенен". Майғазиев пен Сәдуақасованың видеосы жұртты күлдірді
Желіде Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасованың қалжың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода Сәкен Майғазиев әнші Мәдина Сәдуақасовамен алыстан амандасып, жағдай сұрасады. Екеуі ұзақ сөйлеспейді. Мәдина Сәдуақасова "мен қорқамын сенен" десе, Сәкен Майғазиев "жақсы, көп сөйлеспейікші" деп әзілдейді.
"Қыз балалармен қашықтан араласайықшы. Жұма мүбәрак, жақсыларым!" - деп жазған өнер иесі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әнші бір тойда Мәдина Сәдуақасованың қолын ұстап, басы дауға қалған еді.
Желі қолданушылары өнер иесінің қалжыңын түсініп, түрлі пікір қалдырған.
"Ай, Сәкен аға, қатырдыңыз. Елді тыңдасаңыз, адамдар аяқпен емес, ауызбен жүреді. Ештеңе істеуге болмайды негізі", "Ой, өлдім күлкіден, екеуі де приколист", "Беймарал жүре беріңіздер, бәріне өзім жауап беремін!" "Өлтірдіңіздер, таза әртіссіз ғой", "Мәдинаның қолын ұстаймын деп жар жағалап кетті ғой", - деп жазған әншінің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек