Косметолог Маргарита Иванова "Газете.Ru"-ге меңі бар адамдар жазда бет терісіне қалай күтім жасау керектігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жазда, күн белсенділігі жоғары кезде міндетті түрде SPF (30-50+) қорғанысын қолдану керек. Әсіресе, терісінде меңі көп адамдар және терісі, шашы, көзінің түсі ақшыл адамдар бұл ережені қатаң сақтау керек. Сол арқылы ерте қартаюдың және қатерлі ісіктердің пайда болуының немесе бұрыннан бар меңдердің қатерлі ісікке айналуының алдын аласыз", - деді ол.
Маргарита Иванова күннен қорғайтын крем теріде қатерлі ісіктердің пайда болуынан немесе бұрыннан бар меңдердің қатерлі түзілімдерге айналуынан қорғану үшін керек екенін түсіндірді. Сондай-ақ, бұл құрал ерте қартаюмен күресуге көмектеседі. Маман тері күтімін дұрыс таңдауға косметолог көмектесетінін атап өтті.
Маман сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін тікелей күн сәулесінің астында болмауға және үйден шығуға шамамен 30 минут қалғанда ашық дене бөліктеріне күннен қорғайтын крем жағуға кеңес берді. Оны екі сағат сайын немесе шомылғаннан кейін жаңарту қажет. Сондай-ақ, күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім киген жөн.
Жазда терең және орташа әсер ететін пилингтерден бас тарту керек — оларды күзде жасаған дұрыс. Ал массаждарды жылдың кез келген уақытында жасауға болады. Жүйелі түрде массаж жасасаңыз, теріңіз сау болып көрінеді, ісіну кетеді және бұлшықеттер тонуста болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!