- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен қазір қоңырат...
"Мен қазір қоңырат болдым". Ангола азаматы Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлесті
Анголалық Элиша Ферейра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына ресми сапары барысында Сүлеймен Демирел атындағы университетке де барған. Университетте 8500-ден аса студент оқиды, олардың ішінде Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.
Шетелдік студенттердің бірі - Ангола азаматы Элиша Ферейра Мемлекет басшысымен қазақ тілінде тілдескен. Ол қазір 4-курста оқып жатыр.
"Біздің университетке қош келдіңіздер. Есімім - Элиша. Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!" - дейді Элиша Ферейра.
Қасым-Жомарт Тоқаев әңгіме барысында Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істеп жүрген кезінде бұл елге барғанын айтқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова