"Мен қазақпын". 100 домбырашы Наурыз мейрамына ерекше тарту жасады

"Мен қазақпын". 100 домбырашы Наурыз мейрамына ерекше тарту жасады
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыдағы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжінің студенттері мен Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебіне оқушылары Наурыз мейрамына музыкалық тосын сый дайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар әнші Ерболат Құдайбергеннің "Мен қазақпын" әнін домбыраға салып орындап шықты.

Видеоны OYU жобасы әлеуметтік желілердегі парақшасында бөлісті. 

OYU- түрлі жанрдағы әртістердің live-қойылымдарын жинаған музыкалық жоба.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан