- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен қарсы болған...
"Мен қарсы болған биліктің жартысынан көбі жоқ". Ринат Заитов билікке қатысты ойын айтты
Парламент Мәжілісінің жаңа депутаты Ринат Заитовтан журналистер сайлаудың қалай өткенін сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Amanat партиясына қатысты сайлау басталғаннан түрлі бейнежазбалар тарады. Оларды өтірік деп айта алмаймыз, жасыруға да болмайды. Оған жауапты адамдар, наразы топтар аяғына дейін табандылық танытып, тиісті орындарға арызданып, істі аяғына дейін жеткізсе екен деймін. Десе де мен сайлауды әділ өтті деп айтар едім. Amanat барлық жағынан басым түсті. Оған ешкімнің дауы жоқ", - деді айтыскер әрі халық қалаулысы.
Ол өңірлерді аралап, халықпен шынайы кездесу өткізгенін алға тартты. Оның сөзінше, ешқандай жасанды шаралар ұйымдастырмаған, жұртшылықпен нақты байланыс орнатуға тырысқан.
"Сондықтан толыққанды халықтың сенімімен дауыс жинадым деп айта аламын", - деді ол.
Ринат Зайытов депутат ретінде, ең алдымен, тіл мәселесін шешуге күш салатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, билікке қарсы ойы өзгермегенін айтты.
"Алайда мынаны да ескеру керек, қазір мен қарсы болған биліктің жартысынан көбі жоқ. Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейін деп жатырмыз. Оның нәтижесі қандай болатынын өздеріңіз көресіздер", - деді депутат.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы