- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- шоу-бизнес жаңалықтары
“Мені қарғап, көргісі келмеді“. Мақпал Жүнісова Заманбекке қойылған ескерткіштің ашылуына неге бармағанын айтты
Танымал әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіштің ашылуына неге бармағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.
"Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім, кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз. Тегін концертті Зәкеңнің рухына бағыштаймын", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш қойылды.
Облыс әкімдігі ескерткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылғанын атап өтті.
Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылған. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің туыстары қатысты. Ескерткіш-бюсті Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов ашты.
Заманбек Нұрқаділов - 1944 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келді. Ол 2005 жылы өмірден өтті. Қоғам қайраткері Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы; Алматы қаласының әкімі; Парламент Мәжілісінің депутаты, т.с.с. жауапты қызметтер атқарған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова