- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен жеп қойсам,...
"Мен жеп қойсам, солай құсып беремін". Желіде Жетісай тұрғындары мен мердігердің әңгімесі тарады
Фото:
Видеодан алынған кадр
Жолға төселген асфальттың сапасына наразы Түркістан облысының тұрғындары мен мердігер компания өкілдері арасындағы әңгіме видеоға түсіп қалды. Otyrar порталының редакциясына әңгіменің видеосы жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Өзбекстанмен шекаралас жерде, Жетісайдың іргесіндегі Атақоныс ауылында түсірілгені хабарланды. Кадрларда жергілікті тұрғындар асфальттың қалыңдығы екі сантиметрге де жетпейді, жол салуға миллиондаған қаржы бөлініп жатқанына наразы.
"Міне, ауыл тұрғындары. Мынаны қараңыздар, 2 сантиметр де шықпайды. Ұят қой мынау", - дейді тұрғын видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек