“Мені жеңу оңай емес“. Ауыр дертпен күресіп жатқан актер Мұрат Бисембин жазба жариялады

Қатерлі ісікке шалдыққан отандық киножұлдыз, көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин жазба жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер өзіне қолдау көрсетіп жатқан оқырмандарына алғыс білдірді.

"Мені жеңу оңай емес. Мен міндетті түрде мұның бәрінен өтемін. Маған моральдық және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға тағы да алғыс айтқым келеді! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс", – деп жазды актер.

Еске салайық, бұған дейін танымал актер Мұрат Бисембин обыр ауруына шалдыққаны белгілі болды. Диагноз 3,5 ай бұрын қойылған. Бисембин жергілікті онкоорталықтарда химиотерапия курсынан өткен. Алайда жақындары оған шетелде емделіп келу керегін айтып, ақша жинап бастады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз