- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен жауап беремін"...
"Мен жауап беремін" жобасын қолдауға дайын серіктестер пайда болды
"Мен жауап беремін" бағдарламасының авторы жобаға қолдау көрсетуге дайын серіктестердің пайда болғаны туралы айтты. Бұл туралы Марғұлан Сейсембаевтың Facebook-тегі парақшасында жазылды.
Оның айтуынша, жобаны АТФ банкі, Алматы қаласындағы ресторандар альянсы, "Арзан" супермаркеттер желісі, Алматы бизнес ассоциациясы мен MOST сайты қолдауға дайын.
АТФ банкі өндірушілердің алған кредиттерін төменірек мөлшерлемемен қайта қаржыландырады, компанияның дамуына жұмсалатын кредит береді және басқа да қосымша қызметтер көрсетеді. Бұл туралы толық ақпаратты Марғұланның көмекшісі Олеся Имашевадан алуға боады. Онымен мына телефон нөмірі арқылы байланысуға болады: 8 701 755 68 88.
Алматы қаласындағы ресторандар альянсы мен MOST сайты жобаға қалай қолдау көрсететіндерін жақын арада хабарлайды. Ал "Арзан" супермаркеттер желісі іріктеуден өткен тауарларды сатуға тегін орын бөлуге дайын екенін айтқан. Ал Алматы бизнес ассоциациясы жобаны халық арасында насихаттауға көмектесуге келісті.
М. Бисембаева