"Мен еліме алтын медаль әкелемін". Амилай Олимпиадаға қатысқысы келетінін мәлімдеді

Қазақстандық блогер-трансгендер Амилай Баймұратова боксқа оралып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Azattyq Rýhy-ке сілтеме жасап.

Трансгендер саналатын блогер бала кезінде бокспен айналысқаны туралы айтып берді. Қазір осы спорт түріне қайта оралып, әйелдер құрамасында өнер көрсеткісі келетінін де жасырмады.

"Мен еліме алтын медаль әкелемін. Елім мені алтынмен аптайтын болады", - дейді Амилай Баймұратова.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!