Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова өзінің басты кемшілігін мойындап, жұртқа жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өз-өзіңді басқару өте қиын. Әсіресе, жаңа өсек пайда болған кезде біреумен кездесіп, кофе ішіп талқылағың келеді. Әркімнің өміріндегінің бәрін талқылап, соңында оларды талқылайтындай біз кімбіз деп аяқталатын классика ғой", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айжұлдыз Адайбекова өзі де өсек айтуға жақын екенін мойындады. Алайда соңғы кездері бұл жаман әдеттен арылуға қатты тырысып жүргенін айтты.
"Мен періште емеспін. Менде де біреумен әңгімелесіп, өсек айтқым келетін сәттер болады. Бірақ өз-өзіме саналы түрде: басқаның күнәсін өзіңе алма, бұл оған тұрмайды деп айтамын. Мен өзімді қатты бақылаймын, басқаруға тырысамын, соның нәтижесінде өмірімде бәрі оңай орындалады. Өсектен тыйылған адамның жолын Аллахым өзі ашып отырады", - деп ағынан жарылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!